Абай — 175

Ескерткіш сомдалды, саябақ ашылды

Жуырда Семей қаласында Абай музейі аумағында ұлы ойшыл мен оның ұлдарына арналған ескерткіш ашылды.

Бүгінде ақынның туған жерінде Абай алаңы және 3 труппа қызмет ететін Абай театры бар. Ұлы ақынның мерейтойына орай салынған ескерткіш қала тұрғындары үшін ерекше сый болды.

Ал Түркістан облысы Созақ ауданында жаңа саябақ ашылып, оған Абай Құнанбайұлының есімі берілді. Аталған саябақта ұлы ақынның мүсіні бейнеленген зәулім ескерткіш орнатылған. Саябақтың жалпы аумағы — 2 гектар. Оған 400 түп тал егіліп, айналасы абаттандырылған, түрлі түсті шамдармен жарықтандырылған.

Сонымен қатар өткен аптада Оралдағы Еуразия даңғылы Абай даңғылы болып өзгерді. Бұл туралы шешім облыстық мәслихаттың кезектен тыс 37-сессиясында қабылданған.

ҚазАқпарат.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button